Асқар Ислямов атындағы аудандық география олимпиадасы
2025 жылғы 29 сәуірде 9–11 сынып оқушылары Тарбағатай ауданы Ақжар ауылының Абай атындағы орта мектебінде аудандық география олимпиадасына қатысты.
Толығырақ оқуҰлағатты ұстаз, мектеп директоры, ұстаздар әулетінің негізін қалаушы
Ислямов Асқар Жұмағұлұлы (04.03.1928 – 30.10.2001) — Шығыс Қазақстандағы халық ағарту ісіне ғұмырын арнаған көрнекті педагог, өлкетанушы, жас ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосқан тұлға. Оның өмір жолы — табандылық пен адал еңбектің, туған жерге қызмет етудің өнегесі.

«Мектеп - тәрбие биігі, онда еңбек ету ұлағатты іс»— Ислямов Асқар Жұмағұлұлы
Асқар Ислямовтың жазба және ғылыми мұрасы: естелік, очерк, зерттеу еңбектері.

1998
Ұстаздың өмір жолы мен туған жердегі еңбегі туралы естеліктер.
Кітап туралы
2003 / 2022
Шығыс Қазақстанның жер-су атауларына арналған зерттеу.
Кітап туралы
2006
Өлкетану, табиғат және шәкірт тәрбиесі туралы очерктер.
Кітап туралы“Асқар Жұмағұлұлы Шығыс Қазақстан аумағында керемет із қалдырды. Бұл — біздің мақтанышымыз, облысымыздың, республикамыздың білім мақтанышы, бұл — біздің тарихымыз. Менің ойымша, біз, білім қызметкерлері, мұны үнемі есте сақтап, осы адамдардың тәжірибесі мен даналығы арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуіміз керек.”