1928 — 2001

Ислямов Асқар Жұмағұлұлы

Ұстаз, мектеп басшысы, қоғам қайраткері

Ислямов Асқар Жұмағұлұлы (04.03.1928 – 30.10.2001) — Шығыс Қазақстандағы халық ағарту ісіне ғұмырын арнаған көрнекті педагог, өлкетанушы, жас ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосқан тұлға. Оның өмір жолы — табандылық пен адал еңбектің, туған жерге қызмет етудің өнегесі.

Ислямов Асқар Жұмағұлұлы
«Мектеп - тәрбие биігі, онда еңбек ету ұлағатты іс»
Ислямов Асқар Жұмағұлұлы
Халық ағарту саласында 45 жыл
Еңбек жолы
Елуге жуық еңбек (әдістеме, мақала, тәжірибе)
Жарияланымдар
Жалпы өтілі — 540 жыл
Педагогикалық әулет

Кітаптар мен еңбектер

Асқар Ислямовтың жазба және ғылыми мұрасы: естелік, очерк, зерттеу еңбектері.

Толығырақ
«Өткен өмір естеліктері»
1998

«Өткен өмір естеліктері»

Тарбағатай ауданының 70 жылдығына арнап жазылған ғұмырнама-естелік кітап. Автордың өмір жолы мен ұстаздық тәжірибесін қамтиды.

«Шығыс Қазақстан топонимикасы»
2003 / 2022

«Шығыс Қазақстан топонимикасы»

Шығыс Қазақстан топонимикасына арналған ғылыми еңбек. 2003 жылы Алматыдағы «Эверо» баспасынан жарық көрді, 2022 жылы «Рухани Жаңғыру» аясында үш тілде (қазақ-орыс-ағылшын) монография ретінде қайта басылды. ЖОО мен колледждерде оқу-әдістемелік құрал ретінде пайдаланылады.

«Тарихта қалған тағылым»
2006

«Тарихта қалған тағылым»

Өлкетану, табиғатты аялау мәдениеті, шәкірт тәрбиесі және ұстаздың өмір жолы туралы мақалалар мен очерктерден құралған жинақ.

Естеліктер

Қырық жылдан астам ұстаздық еңбегінде Асқар Ислямов жас ұрпақты тәрбиелеуде табандылық пен биік жауапкершілік танытты. Оның еңбегі — ұлағатты ұстазға тән жол.

В. И. Ленин атындағы мектеп ұжымы
Әріптестері

Галерея

Өмірі мен қызметінің фотоархиві.

Абай орта мектебіндегі парбюро хатшысы, 1967-1970 жж.
Абай орта мектебіндегі парбюро хатшысы, 1967-1970 жж.
Абай орта мектебіне 60 жыл, 1988 ж.
Журналистермен кездесу сәті
Маңдайша
Толығырақ
Асқар Ислямов — өмірбаян, кітаптар және мұра